Accessibility links

ІІД: Маңғыстау облысында "қыз алып қашқан" адамға іс қозғалды


Маңғыстау облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Маңғыстау облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Маңғыстау облысы Шетпе кентінің тұрғыны, "кәмелетке толмаған қызды ұрлады деген күдікті 21 жастағы ер адамның үстінен қылмысты іс қозғалды деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетпелік тұрғын биыл сәуірде Шетпеде тұратын 15 жастағы қызды "үйлену мақсатында" алып қашқан. Бұл факті бойынша "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы басқа да әрекет жасау" бабымен іс қозғалған.

Полицияның мәліметінше, күдікті мен алып қашқан қыз екі ай бірге тұрған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG