Accessibility links

Түркістан қаласының экс-прокуроры сотталды


Сот материалдары (Көрнекі сурет).
Сот материалдары (Көрнекі сурет).

Түркістан облысы Түркістан қаласының экс-прокуроры Махат Зұлпыхаров 10 жылға сотталды деп хабарлады Азаттыққа маусымның 21-і күні облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев.

Судьяның айтуынша, Махат Зұлпыхаров Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігімен ("пара алу") айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

"Зұлпыхаровпен бірге "пара алу" және "қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері" бабымен айыпталған оның көмекшісі Бақыт Жүнісбеков ақталды" дейді судья.

Махат Зұлпыхаров былтыр 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілініп, қамауға алынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG