Сирияның оңтүстік-батысындағы Дераа провинциясында үкімет әскері көтерілісшілер шептеріне шабуылын бастап, мыңдаған адам баспанасын тастап кетті.
Лондонда орналасқан Syrian Organisation for Human Rights (SOHR) ұйымының мәліметінше, соңғы үш тәулікте шамамен 12 мыңнан астам адам оппозиция күштері бақылайтын аудандардан кетіп қалған.
Башар Асад әскері Дамаск түбіндегі және Хомс провинциясындағы көтерілісшілер анклавтарын басып алған соң әскери іс-қимылдар елдің оңтүстік-батысына ойысқан.
Шабуыл Ресей мен АҚШ арасындағы келісімге сай деэскалация аймағы деп жарияланған аумақтарда жүріп жатыр. Вашингтон Мәскеуге деэскалация аймақтарына шабуыл жасалған жағдайда "тиісті және қатаң жауап беретінін" ескерткен.
Сириядағы қақтығыс 2011 жылы наурызда басталған. БҰҰ мәліметінше, қақтығыс барысында 400 мыңнан астам адам қаза тауып, 10 миллионнан астам адам үй-күйінен айырылуға мәжбүр болды. 4,6 миллион адам басқа елдерге босып кетті.
ПІКІРЛЕР