Accessibility links

Қырғызстанда Google-ға салық салуды ұсынды


Руслан Казакбаев, Қырғызстан парламентінің депутаты.

Қырғызстанда "Республика – Ата Жұрт" фракциясының депутаты Руслан Казакбаев Facebook, Google және Instagram секілді ірі IT компанияларына салық салуды ұсынды. Бұл ұсынысын ол парламент отырысында айтты.

"Ресей 2017 жылдың 1-қаңтарынан Google-ге салық енгізді. Бұл заң электрондық формада қызмет көрсететін шетел компанияларына қосымша құн салығын салуды қарастырады. Көптеген фирмалар өз тауарлары мен қызметін Facebook, Google және Instagram және Twitter-де жарнамалап, оған қаражат жұмсайды. Мысалы, әр университет ай сайын Интернеттегі жарнамаға 500 доллар шығындайды. Олай болса, коммерциялық компаниялар қанша жұмсайтынын есептей беріңіз", - деді Казакбаев.

Депутат Ресей тәжірибесін Қырғызстанда қолданған жөн деп есептейді. Оның сөзінше, үш ай ішінде осындай салықтан Ресей бюджетіне 2 миллиард рубль қаржы түскен.

Ресейде Интернет арқылы компьютерлік бағдарламалар және басқа да контент қолданатындар 18 пайзыдық қосымша құн салығын төлейді.

Халықаралық ірі интернет компанияларына салық салу мәселесін алғаш рет Тәжікстан байланыс қызметінің басшысы Бег Зухуров ұсынған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG