Accessibility links

Палестина OPCW конвенциясына қосылды


Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның Гаагадағы штаб-пәтері (Көрнекі сурет)
Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның Гаагадағы штаб-пәтері (Көрнекі сурет)

Палестина автономиясы Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымға (Organisation for the Prohibition of Chemical Weapons - OPCW) мүше болды. Ұйым сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Палестина автономиясы OPCW-ға 1997 жылы қабылданған Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі конвенцияға қол қойған соң қосылған. Осымен конвенцияға қол қойған елдер саны 193-ке жетті.

Хабарламада Палестина өкілдері Конвенцияға қосылғаны туралы құжатты 17 мамырда жөнелткені айтылады.

Былтыр желтоқсанда АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Израильдегі елшілігі Тель-Аивитен Иерусалимге көшірілетінін жариялаған. Палестина автономиясының әкімшілігі бұған қарсылық ретінде халықаралық 22 конвенцияға, оның ішінде Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі конвенцияға қосылатынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG