Accessibility links

Ресей: Бірнеше қалада Навальныйдың митинг өткізуіне рұқсат берілді


Алексей Навальный.
Алексей Навальный.

Ресейде жеті қаланың әкімшілігі оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың зейнетақы реформасына қарсы акциялар өткізуіне рұқсат берді, бірақ акцияларды оппозиция сұрағаннан басқа орындарда өткізуді ұсынды. Митинг Ставрополь, Липецк, Белгород, Краснодар, Хабаровск, Амурдағы Комсомольск және Мурманск қалаларында өтеді деп жоспарланған.

Ставрополь, Липецк және Белгородта белсенділер қала билігі ұсынған орындарда өткізуге келіспей, өтініште көрсеткен орындарына жиналуды көздеп отыр.

Бұған дейін Мәскеу билігі футболдан әлем біріншілігі өтіп жатқанын алға тартып, оппозиция өкілдерінің шілденің басында зейнетақы реформасына қарсы митинг өткізуіне рұқсат беруден бас тартқан.

16 маусымда үкімет Мемлекеттік думаға Ресейде зейнетке шығу жасын ерлер үшін 60-тан 65-ке, әйелдер үшін 55-тен 63-ке ұлғайтуды ұсынған. Өзгерісті 2019 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске асыру жоспарланып отыр.

Видео: Ресейліктер зейнетке шығу жасын ұлғайтуға наразы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG