Accessibility links

Жезқазғанның әкімі ауысты


Жезқазған қаласына кіреберіс (Көрнекі сурет).
Жезқазған қаласына кіреберіс (Көрнекі сурет).

Жезқазған қалаcының әкімі болып Қайрат Бегімов тағайындалды. Жезқазған қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 маусымда өткен қалалық мәслихат сессиясында депутаттар Бегімовтің кандидатурасын қолдап, Қарағанды облысы әкімінің бұйрығымен қала әкімі болып тағайындалды.

Бұған дейінгі әкім Батырлан Ахметов "өз еркімен" қызметінен кеткен.

1968 жылы туған Қайрат Бегімов мамандығы бойынша өндіріс транспортының инженері және экономист. Ол бұған дейін облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы, Қарағандыдағы Октябрь ауданының әкімі, Қарағанды қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG