Маусымның 22-і күні Шымкентте көші-қон қызметтерін көрсету орталығы ашылды деп xабарлайды Азаттық тілшісі.
Қызмет көрсету орталығының ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков қатысты.
Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз xатшысы Салтанат Қаракөзованың айтуынша, орталық адамдардың уақытын үнемдеп, уақытша тіркеуге келген шетелдіктерді есепке алу және жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеуге келген еңбек имигранттарына рұқсат рәсімдеу жұмыстарын жүргізеді. Шетелдік еңбек иммигранттарына медицина қызметін көрсету қызметі де қарастырылған.
Ресми мәлімет бойынша, 2014-2017 жылдары облысқа келген 178 мыңнан аса шетел азаматы тіркелген. 2018 жылдың бес айында облысқа келген 32 мыңнан аса шетел азаматы тіркелген.
ПІКІРЛЕР