Accessibility links

Трамп: Еуропадан келетін көлікке баж салығы ұлғаюы мүмкін


Германиялық BMW концерні шығаратын жаңа көлік үлгісі. (Көрнекі сурет.)

АҚШ президенті Дональд Трамп елге Еуропадан әкелінетін автомобильдерге кедендік баж алымын 20 пайызға дейін көтереміз деп сес көрсетті. Бұл туралы ол АҚШ-тың еуропалық болат пен алюминийге тарифтерді қымбаттатуына жауап ретінде Еуропа Одағының қабылдаған қарсы шаралары күшіне енгеннен кейін Twitter әлеуметтік желісінде жазған.

"Егер бұл тарифтер мен сауда кедергілерінің барлығы жақын уақытта жойылмайтын болса, біз олардың АҚШ-қа әкелетін барлық автомобильдеріне 20 пайыздық тариф қоямыз. Оларды осында құрастырсын!" – деп жазған Трамп.

Қазіргі уақытта АҚШ-қа Еуропа Одағынан әкелінетін автомобильдерге 2,5 пайыз, пикаптарға – 25 пайыз мөлшерінде кедендік баж салығы белгіленген. Еуроодақ АҚШ-тан келетін барлық автомобильдерден 10 пайыздық баж салығын алады. АҚШ-та жұмыс істеп жатқан германиялық Volkswagen, Daimler және BMW концерндерінің Америкада құрастыратын көліктерінің саны Еуропадан әкелінетін автомобильдер санынан көп деп хабарлайды "Америка дауысы".

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG