Accessibility links

ОПЕК елдері мұнай өндірісін ұлғайтуға келісті


Біріккен Араб Әмірліктерінің энергетика министрі Сухейл әл-Мазури сұхбат беріп тұр.
Біріккен Араб Әмірліктерінің энергетика министрі Сухейл әл-Мазури сұхбат беріп тұр.

ОПЕК (мұнай өндіруші елдер ұйымы) мүшелері бір тәулікте өндірілетін мұнайдың жиынтық көлемін миллион баррельге ұлғайтуға мүмкіндік беретін мәміле бойынша келісімге келді. Оның әлемдегі мұнай бағасына қалай әсер ететіні және жекелеген елдердің бұл келісімді қалай орындайтыны әзірше айқын емес.

Біріккен Араб Әмірліктерінің энергетика министрі Сухейл әл-Мазури маусымның 22-і күні Венадағы ОПЕК кездесуінен кейін, картель өндірілетін мұнай көлемін ұлғайту туралы Сауд Арабиясы ұсынған жоспарды бәсекелесі Иранның ықылассыз қолдағанын айтты. ОПЕК мұнай өндірісі көлемін шектеу жөніндегі бұған дейін келісілген бастапқы белгіленген деңгейден аз өндіріп келгендіктен, қабылданған шешім өндіріс көлемін тәулігіне миллион баррельге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді деген әл-Мазруи.


Сауд Арабиясының мұнай министрі Хаилд әл-Фалих "біз айтқан бір миллион [баррель] мұнай"туралы тараптардың өзара келісімге келгеніне "разымын"деп мәлімдеген. Оның сөзінше, Иран қарсы болып келген мұнай өндірісі көлемін ұлғайту туралы ұсынысты картель мүшелері бірауыздан қолдаған. Жоспарды ОПЕК және оның құрамына енбеген бірнеше ел маусымның 23-і күні Венадағы кездесуінде бекітуі тиіс. Венадағы ОПЕК+ кездесуіне 24 ел қатысып жатыр.

Бұған дейін Сауд Арабиясы нарықта мұнай бағасының қымбаттағаны туралы айтқан тұтынушылардың шағым-өтініштері мен сұраныстың артып келе жатқанын ескеріп, мұнай өндіруші елдерді өндіріс көлемін ұлғайтуға шақырған болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG