Accessibility links

АҚШ: Пхеньян тарапынан ядролық қауіп әлі бар


АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Солтүстік Корея лидері қол алысып тұр. Сингапур, 12 маусым 2018 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Солтүстік Корея лидері қол алысып тұр. Сингапур, 12 маусым 2018 жыл.

Ақ үйдің жұма күні Солтүстік Кореяның зымыран-ядролық шаралары АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатер деп сипатталатын ерекше жарлықтың күшін тағы бір жылға ұзартқаны туралы хабар тарады.

Бұл шешім АҚШ президенті Дональд Трамптың жақында Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен Сингапурде кездескен соң жасаған үндеуіне кереғар болып отыр.

"Барша америкалықтарға алаңдамауға болады, өйткені Солтүстік Корея тарапынан енді ядролық қауіп жоқ", - деп мәлімдеген Трамп сол жолы.

Бірақ жұма күні Ақ үй баспасөз қызметі таратқан құжатта "Корей түбегінде қарудың ыдырайтын бөлшектерінің болуы, сонымен бірге Солтүстік Корея үкіметінің саясаты мен нақты іс-қимылдары АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне, дипломатиясы мен экономикасына аса үлкен қатер төндіріп отыр" делінген.

Ақ үй қолданыс мерзімін ұзартқан ерекше жарлық 2008 жылы қабылданған. Бұл құжатта қарастырылған санкциялар, Трамптың сөзінше, "ең қатты қысымды сақтай" отырып, түбінде Солтүстік Кореяны ядролық қару-жарағын толық жоюға мәжбүр етпек.

АҚШ сенатындағы азшылық демократтар лидері Чарльз Шумер ерекше жарлықтың қолданыс мерзімінің ұзартылуы "солтүстіккореялық проблема шешілді" деген Трамптың сөзін құмға сіңген судай қылады және Пхеньянмен келіссөз – "хаттамалық суретке түсуден анағұрлым маңызды нәрсе" екенін еске салады деп мәлімдеген.

Әйткенмен Пентагон тамыз айына белгіленген Оңтүстік Кореямен бірлескен әскери жаттығулардың өтпейтіні туралы мәлімдеген. Бұған дейін маусымның 12-інде Ким Чен Ынмен кездесуден кейін президент Трамп АҚШ-тың Оңтүстік Кореямен бірлескен әскери жаттығу өткізуді тоқтататыны туралы мәлімдеген болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG