Accessibility links

Сауд Арабиясында әйелдер көлік жүргізе бастады

Сауд Арабиясында автокөлік жүргізуді үйреніп жатқан әйел.
Сауд Арабиясында автокөлік жүргізуді үйреніп жатқан әйел.

Маусымның 24-і күні Сауд Арабиясында король Салман бен Абдел Әзиз әл-Саудтың елде әйелдерге автокөлік жүргізуге рұқсат беру туралы өткен жылғы қыркүйекте шығарған жарлығы күшіне енді.

2018 жылғы қаңтарда әйелдерге автокөлік жүргізуді үйрететін алғашқы арнайы мектепке оқытушылар қабылдап жатқаны туралы ақпарат тараған. Мамыр айында Сауд Арабиясының көлік министрлігі әйелдерге жүргізуші куәлігін тапсыруға дайындық жұмыстарының аяқталғаны туралы хабарлаған.


Al-Arabiya телеарнасының хабарлауынша, әйелдердің көбі таңның атуын күтпестен, уақыт түн ортасынан асқан сәтте көлік тізгініне отырып, жолға шыққан. Сауд Арабиясы полициясы тарихи оқиғаға алдын ала дайындалған: олар көлік жүргізуші әйелдерді корольдік атынан құттықтап, раушан гүлдерін сыйлаған. Саудиялық ханшайым Рим әл-Уалид бен Талялдың да көлік тізгінін қолына алғаны туралы Twitter әлеуметтік желісінде оның әкесі, миллиардер ханзада Әл-Уалид жазды.

Фотогалерея. Саудиялық әйелдердің көлік жүргізуге дайындығы:

Саудиялық әйелдердің көлік жүргізуге дайындығы

Дахран қаласындағы көлік жүргізуді үйрететін орталықта әйелдер көлік моторындағы майдың деңгейін тексеріп жатыр. 
1/8 Дахран қаласындағы көлік жүргізуді үйрететін орталықта әйелдер көлік моторындағы майдың деңгейін тексеріп жатыр. 
24 маусымнан бастап Сауд Арабиясында әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат беріледі. Қазір елдегі автомектептерде әйелдерге арналған сабақтар өтіп жатыр.
Орталықта оқып жүрген әйелдердің бірі компьютер арқылы көлік жүргізуді үйреніп отыр. 
2/8 Орталықта оқып жүрген әйелдердің бірі компьютер арқылы көлік жүргізуді үйреніп отыр. 
24 маусымнан бастап Сауд Арабиясында әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат беріледі. Қазір елдегі автомектептерде әйелдерге арналған сабақтар өтіп жатыр.
Дахрандағы орталықтағы инструктор Ахмал әл-Сомали көлік жүргізуді үйреніп жүрген әйелмен әңгімелесіп отыр.
3/8 Дахрандағы орталықтағы инструктор Ахмал әл-Сомали көлік жүргізуді үйреніп жүрген әйелмен әңгімелесіп отыр.
24 маусымнан бастап Сауд Арабиясында әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат беріледі. Қазір елдегі автомектептерде әйелдерге арналған сабақтар өтіп жатыр.
Инструктор жол белгілерін түсіндіріп жатыр. 
4/8 Инструктор жол белгілерін түсіндіріп жатыр. 
24 маусымнан бастап Сауд Арабиясында әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат беріледі. Қазір елдегі автомектептерде әйелдерге арналған сабақтар өтіп жатыр.
Орталықтағы көлік жүргізу сабағы.
5/8 Орталықтағы көлік жүргізу сабағы.
24 маусымнан бастап Сауд Арабиясында әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат беріледі. Қазір елдегі автомектептерде әйелдерге арналған сабақтар өтіп жатыр.
Сауд Арабиясы әлемдегі әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салынған жалғыз мемлекет болатын. Белсенділер әйелдердің көлік жүргізу құқығы үшін 1990 жылдардан бері күресіп келеді. 
6/8 Сауд Арабиясы әлемдегі әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салынған жалғыз мемлекет болатын. Белсенділер әйелдердің көлік жүргізу құқығы үшін 1990 жылдардан бері күресіп келеді. 
24 маусымнан бастап Сауд Арабиясында әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат беріледі. Қазір елдегі автомектептерде әйелдерге арналған сабақтар өтіп жатыр.
Әйердердің көлік жүргізуіне консерватор ислам діндарлары қарсы болып келген. Бұл елде көлік жүргізу құқығы үшін күрескен әйелдер жиі тұтқындалып, жазаланған.
7/8 Әйердердің көлік жүргізуіне консерватор ислам діндарлары қарсы болып келген. Бұл елде көлік жүргізу құқығы үшін күрескен әйелдер жиі тұтқындалып, жазаланған.
24 маусымнан бастап Сауд Арабиясында әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат беріледі. Қазір елдегі автомектептерде әйелдерге арналған сабақтар өтіп жатыр.
Сауд Арабиясы королінің мұрагері Мохаммед бин Салман өткен жылдан бері елде ауқымды реформалар бастаған. Елде әйелдерге көлік жүргізуге, стадионға кіруге рұқсат беретін заң қабылданған.
8/8 Сауд Арабиясы королінің мұрагері Мохаммед бин Салман өткен жылдан бері елде ауқымды реформалар бастаған. Елде әйелдерге көлік жүргізуге, стадионға кіруге рұқсат беретін заң қабылданған.
24 маусымнан бастап Сауд Арабиясында әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат беріледі. Қазір елдегі автомектептерде әйелдерге арналған сабақтар өтіп жатыр.
Previous slide
Next slide

Сауд Арабиясы әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салынған әлемдегі жалғыз мемлекет болатын. Әйелдердің көлік жүргізуіне консерватор ислам діндарлары қарсы болып келген. Бұл елде көлік жүргізу құқығы үшін күрескен әйелдер жиі тұтқындалып, жазаланған.

Соңғы жылдары королдік билігі бұған дейін елде болған бірқатар шектеулерді жойған. Бұл реформаларды тақ мұрагері Мұхаммед ханзадамен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG