Accessibility links

Украинада сыған лагеріне шабуылдан адам өлген


Шабуыл жасағандар қиратқан Киевтегі сығандар лагері. (Көрнекі сурет.)
Шабуыл жасағандар қиратқан Киевтегі сығандар лагері. (Көрнекі сурет.)

Украинаның Львов облысында жексенбіге қараған түні сығандар лагеріне бетперде киген кісілер жасаған шабуыл салдарынан бір адам мерт болып, бірнешеуі жараланған. Қаза тапқан адам – Закарпатье облысының 24 жастағы тұрғыны. Зардап шеккендер арасында 10 жасар ұл бала бар.

Полиция бұл оқиғаға қатысы бар деген күдікпен жеті адамның ұсталғаны туралы хабарлады.


Маусымның 7-і күні ұлшылдар Киевтегі Голосеев саябағындағы сығандар лагерін ойрандап кеткен еді. Мамыр айында Тернополь облысындағы лагерьді өртеп жіберген болатын.

Бұған дейін, өзін С14 әсіреұлтшылдар ұйымының үйлестірушісі деп атайтын Сергей Мазур сығандар лагерлеріне шабуылдар ұйымдастыруға шақырып, мәлімдеме жасаған. АҚШ пен халықаралық құқық қорғау ұйымдары Украинаны сығандарға қарсы жасалған шабуылдарды тергеуге шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG