Accessibility links

Ердоған Түркия президенті сайлауында алда келеді


Түркия президенті Режп Тайып Ердоған жақтастары алдында сөйлеп тұр. Стамбул, 24 маусым 2018 жыл.
Түркия президенті Режп Тайып Ердоған жақтастары алдында сөйлеп тұр. Стамбул, 24 маусым 2018 жыл.

Түркияда 24 маусымда қатар өткен президент пен парламент сайлауында іс басындағы президент Режеп Тайып Ердоған мен оның партиясы алда келеді. Бюллетеньдердің 96 пайызы саналғандағы ресми нәтиже бойынша, Ердоған 52 пайыз дауыс жинап тұр. Ол өзінің жеңіске жеткенін мәлімдеп үлгерді. Оның басты қарсыласы Мухаммер Индже 31 дауыс жинады. Оппозиция Ердоған жеңіске жеткенін дауыс түпкілікті саналғанға дейін мәлімдеді дейді.

Парламент сайлауында да Ердоғанның "Әділет және даму" партиясы (AKP) 42,49 пайыз дауыс жинап, парламенттегі 293 орынға ие болды.

Ұлттық қозғалыс партиясы (MHP) 11,19 пайыз дауыс жинап, 49 орынды иеленді. Жалпы есепте "Ұлттық альянс" партясы 342 орынды иеленді.

Республикалық халықтық партиясы (CHP) 22,7 пайыз жинап, 146 орынға ие болды. 1,4 пайыз дауыс жинаған "Фелисити" партиясы (SP) бір де бір орын иелене алмады.

Осылайша, "Ұлт" альянсы парламенттегі 192 орынды иеленді.
Күрдшіл Халықтық демократиялық партия (HDP) 11,2 пайыз дауыс жинап, парламенттен 66 орын тиді.

Түркияның бір палаталы парламентінде 600 орын бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG