Accessibility links

Астанада бір күнде төрт бала суға батып кетті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астана маңындағы Пригородный ауылында Нұра-Есіл каналында төрт бала суға батып кетті. Балалардың жоғалғаны туралы ақпарат 24 маусым күні түсіп, орталық аймақтық аэроұтқыр жедел-құтқару отрядының қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізген.

"25 маусым күні таңғы сағат 5:17-де Нұра-Есіл каналының Пригородный тұрғын үй массиві аумағында 2007 жылы туған екі бала, 2006 және 2009 жылы туған тағы екі баланың денесі табылып, судан шығарылды. Олар 24 маусым күні шомылуға болмайтын жерде суға түсіп, батып кеткен" делінген Қазақстан Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың хабарламасында.

Комитет өкілінің сөзінше, ата-аналары балаларынан көз жазып қалған. Полиция қазір оқиға бойынша тергеу бастады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG