Accessibility links

Навальныйдың жақтасы Швециядан саяси баспана сұрады


Алексей Навальныйдың жақтасы Дмитрий Титков президент сайлауы нәтижесін жоюды талап етіп акция өткізіп тұр. Сочи, 27 наурыз 2018 жыл.
Алексей Навальныйдың жақтасы Дмитрий Титков президент сайлауы нәтижесін жоюды талап етіп акция өткізіп тұр. Сочи, 27 наурыз 2018 жыл.

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың Сочидегі жақтасы Дмитрий Титков Швециядан саяси баспана сұрады. Бұл туралы белсендінің өзі "Кавказский узел" сайтына хабарлады.

Титковтың сөзінше, ол "талай рет күйзеліске ұшыраған", оны Сочиде жалғыз кісілік пикет өткізгені үшін бірнеше рет ұстаған. Былтыр қазан айында алты адам белсендіден Навальныйды қолдауын тоқтатуды талап етіп, болмаса жазаланатынын айтып доқ көрсеткен. 28 қаңтарда өткен митингіден соң Титковті Сочидегі теміржол вокзалында есірткі қолданды деген күдікпен ұстаған. Наурыз айында белсендіні президент сайлауының нәтижелерін жоюды талап етіп пикет өткізген соң тоғыз тәулікке қамаған. Титковтың сөзінше, өзін нашақорлармен бір камераға отырғызған. Осыдан кейін ол бұдан ары төзе алмай, Швецияға кетуге шешім қабылдаған.

Бұған дейін Навальныйдың бірнеше қаладағы жақтастары құқық қорғау органдары мен кремльшіл белсенділер тарапынан қысым мен қоқан-лоқы көріп отырғанына шағымданған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG