Accessibility links

WSJ: АҚШ Қытай технологиясына жаңа санкция салмақ


Көрнекі сурет.

АҚШ президенті Дональд Трамп қытайлық компаниялардың АҚШ-тың технологиялық саласына инвестиция салуына тыйым салуды жоспарлап отыр деп хабарлады өз дереккөздеріне сілтеме жасаған Wall Street Journal (WSJ) . Басылым мәліметінше, Вашингтон сонымен қатар Қытайға технологиялық құрал-жабдықтар экспорттауды да шектеуі мүмкін.

Wall Street Journal Трамп жоспарын осы аптаның соңына қарай жариялайтынын айтады. АҚШ шектеулер арқылы Қытайдың "Қытайда жасалған 2025" стратегиясына қарсы тұрмақ. Вашингтонның есебі бойынша, бұл стратегия Қытай компанияларына шетелдік компаниялармен бәсекеге түскенде басымдық береді.

Маусымның ортасында АҚШ билігі Қытайдан импортталатын 34 миллиард доллардың тауарына шілдеден бастап салықты көтеретінін хабарлаған. Қытай бұған жауап шараларын қабылдайтынын мәлімдеген. Вашингтон бұдан соң Пекин импорт тауарына баж салығын салса, АҚШ шектеу салған тауарлар тізімі ұлғаюы мүмкін екенін ескерткен. Қосымша салық салынатын тауар құны 16 миллиард долларды құрамақ.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 18.03.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:28 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG