Accessibility links

Түркістан облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Маусымның 25-і күні Түркістан облысы Төлеби ауданының аумағында Алматы-Ташкент-Термез күре жолында болған жол-көлік оқиғасынан үш адам қайтыс болды деп xабарлайды Азаттыққа облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент мәліметінше, Mazda жеңіл көлігі SsangYong көлігінің артынан келіп соғып, салдарынан үш адам қайтыс болған. Түрлі жарақат алған тоғыз адам ауруxанаға жеткізілген. Қайтыс болғандардың біреуі, жараланғандардың алтауы - Өзбекстан азаматтары.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз xатшысы Мира Мүсілімнің Азаттыққа айтуынша, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен үш адам жан сақтау бөлімінде жатыр.

Жол-көлік оқиғасы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG