Accessibility links

Сот Навальныйдың шартты жаза мерзімін ұзартты


Алексей Навальный, ресейлік оппозиционер.
Алексей Навальный, ресейлік оппозиционер.

Мәскеу соты оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың "Криовлес" ісі бойынша кесілген шартты жаза мерзімін бір жылға ұзартты. Сот шешімі туралы Навальный Twitter-де хабарлады. Шартты жаза мерзімін ұзартуды Федералдық жазаны атқару қызметі өкілдері сұраған. Ведомство қызметкерлерінің пікірінше, Навальный соңғы жылда бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылып, сынақ мерзімінің талаптарын бұзған.

Оппозиционер сонымен қатар инспекцияға айына төрт рет барып, белгіленіп қайтуға міндеттелді. Сотта Навальныйге судья тағайындаған адвокатты ұсынып, одан бас тартуға тыйым салды. Саясаткердің сот отырысын басқа күнге ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылмады.

2013 жылы Алексей Навальный "Кировлес" мекемесін басқарып тұрғанында кәсіпкер Петр Офицеровпен бірге тақтай жымқырып, мемлекетке 16 миллион рубль шығын келтірді деген айыппен бес жыл шартты мерзімге сотталған. Еуропаның Адам құқықтары жөніндегі соты Ресей сотының үкімін "әділетсіз" деп таныған. Бұдан соң 2016 жылы Ресей Жоғарғы соты "Кировлес" ісін қайта қарауға жіберген. 2017 жылы ақпанда сот Навальныйды бес шыл шартты мерзімге соттап, 500 мың рубль айыппұл салған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG