Accessibility links

Bild: Усама бен Ладеннің оққағары Германиядан жәрдемақы алған


Усама бен Ладен.
Усама бен Ладен.

Германия полициясы Усама бен Ладеннің бұрынғы оққағарын ұстады деп хабарлады Bild басылымы. БАҚ дерегінше, Германия билігі бен Ладеннің бұрынғы жақын серігі, 42 жастағы Тунис азаматын елден шығармақ. Полиция ұсталған адамның аты-жөнін атамай отыр.

Экстремистік "Әл-Қаида" ұйымын басқарған Усама бен Ладен 2011 жылы 2 мамырда Пәкістанда АҚШ жүргізген арнайы операция кезінде көзі жойылған.

Bild полиция бен Ладеннің бұрынғы серігін Германияның батысындағы Бохум қаласында ол әдеттегідей полиция бөліміне күнделікті тіркеуге келгенінде ұстағанын жазады. Мұнда ол отбасымен бірнеше жылдан бері тұрады.

Германия құқық қорғау органдары оны "қоғамға қауіп төндіретін адам" ретінде елден шығармақ. Тунис азаматы Германияға алғаш 1997 жылы барған. Ауғанстандағы лагерде әскери дайындықтан өткен. 1999-2000 жылдары "Әл-Қаида" басшысының оққағары болып жұмыс істеген. Отбасы 2008 жылдан бастап Германияда ай сайын 1200 еуро көлемінде жәрдемақы алып тұрған. Оның отбасы мүшелері Германия азаматтығын алған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG