Accessibility links

Ресейлік компания АҚШ-тағы сайлауға килігу айыбына шағымданды


Евгений Пригожин, ресейлік бизнесмен.
Евгений Пригожин, ресейлік бизнесмен.

АҚШ-та 2016 жылы өткен президент сайлауының нәтижесіне ықпал етукампаниясын қаржыландыруға көмектесті деп айыпталған ресейлік Concord Management компаниясы Вашингтон округтік сотына арнайы прокурор Роберт Мюллердің өзіне қарсы ашқан ісін тоқтатуды сұрады.

Президент Дональд Трамптың өзі таяуда жасаған уәжін пайдаланған компания 25 маусымда Вашингтон округтік сотына Роберт Мюллер заңсыз тағайындалды және компанияны қудалауға заңды құзыреті жоқ деп шағымданды. Америкалық прокурорлар бұл компанияны Ресей президенті Владимир Путинге жақын бизнесмен қадағалайтынын айтады.

Компания Трамп пен оның консерватор жақтастары айтқан "Мюллерді президент тағайындаған жоқ және оны Сенат бекітпеген, сондықтан бас прокурордың орынбасары Род Розенштейн 2017 жылдың мамырында өз бұйрығымен Мюллерді аранйы прокурор етіп тағайындағанда АҚШ конституциясының тағайындау туралы пунктін бұзып отыр" деген уәжін негізге алған.

Мюллердің кеңсесі биыл ақпанда арасында Concord Management бар, Ресейдің үш ұйымы мен 13 азаматын АҚШ президенті сайлауында Трамптың қарсыласы, демократ Хиллари Клинтонге қарсы насихат жүргізу туралы астыртын сөз байласты деп айыптаған.

Айыптау актісінде Concord Management-ті ресейлік бизнесмен, Ресейдің әскери және саяси басқару ортасымен тығыз байланыстағы миллиардер Евгений Пригожин бақылайтыны айтылған. Тергеу Пригожин АҚШ-тағы сайлауға Concord Management компаниясы және "тролль фабрикасы" атанып кеткен Интернет зерттеулері агенттігі мекемесімен ықпал еткенін айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG