Accessibility links

Нығматулин Астанада журналистерді марапаттады


Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин (сол жақта) журналистерді марапаттап тұр. Астана, 26 маусым 2018 жыл.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин (сол жақта) журналистерді марапаттап тұр. Астана, 26 маусым 2018 жыл.

Астанада 26 маусым күні парламент мәжілісінде журналистер күніне орай БАҚ өкілдері марапатталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, марапатын өзі табыстады. Ресми "Казахстанская правда" басылымының қызметкері Татьяна Костина, Хабар" агенттігінің қызметкері Гүлжан Марқабаева және "31 арна" тілшісі Илья Рыбин "Парламент сөзі" жүлдесіне ие болды. Нұрлан Нығматулин журналистерге "парламент жұмысын насихаттағаны, ашық әрі анық ақпарат таратқаны үшін" алғыс айтты.

Нығматулин қолынан жүлде алған журналистер арасында "Егемен Қазақстан" газеті, Nur.kz порталы, "КТК", "Бірінші арна" телеарналарының журналистері де бар.

Сонымен Азаттықтың Астанадағы тілшілері Мәди Бекмағанбет пен Тимур Айтмұханбет және басқа да БАҚ журналистері марапатталып, шағын сый-сыяпат берілді.

Парламент мәжілісінде журналистер осымен екінші жыл қатарынан марапатталып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG