Accessibility links

Ягланд Путиннен Сенцовқа рақымшылық жасауды сұрады


Еуропа кеңесінің бас хатшысы Турбьерн Ягланд Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп тұр. Мәскеу, 20 маусым 2018 жыл.
Еуропа кеңесінің бас хатшысы Турбьерн Ягланд Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп тұр. Мәскеу, 20 маусым 2018 жыл.

Еуропа кеңесінің бас хатшысы Турбьерн Ягланд Ресей президенті Владимир Путиннен Ресейде 20 жылға сотталған украиналық режиссер Олег Сенцовқа рақымшылық жасауды ресми түрде сұрады. Бұл жайында Еуропа кеңесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еуропа кеңесі бас хатшысы Еуропаның Адам құқығы жөніндегі конвенциясына сай сотталғандарға рақымшылық жасауды сұрай алады. Бұған дейін Сенцовтің өзі Путиннен рақымшылық жасауды сұраудан бас тартқан.

20 маусымда Ягланд Мәскеуге барып, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен және омбудсмен Татьяна Москальковамен кездескен. Келіссөз барысында Ягланд Ресей билігін Сенцовқа адамшылық танытып, рақымшылық жасауға шақырған.

Олег Сенцов 2015 жылы Ресейде Украинадан аннексияланған Қырым түбегінде теракт ұйымдастырмқ болды деген айыппен сотталған. Сенцов өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Адвокаттар мен құқық қорғаушылар оған қарсы істің қолдан жасалғанын айтады.

Биыл 14 мамырда Олег Сенцов өзін Ресей түрмесінен саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, аштық акциясын бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG