Accessibility links

Сот олигархтың Навальныйге қарсы арызын қанағаттандырды


Михаил Прохоров, ресейлік олигарх.
Михаил Прохоров, ресейлік олигарх.

Мәскеудің Люблинский аудандық соты оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды бұрынғы вице-премьер "Александр Хлопонин миллиардер Михаил Прохоровтан пара алды" деген ақпаратын 10 күн ішінде терістеуге міндеттеді деп хабарлайды "Медиазона" порталы.

Соттың Прохоровтың абыройы мен қадыр-қасиетін қорғау туралы шағымын қанағаттандырған шешімі бойынша, Навальный видео ролик түсіріп, онда соттың қарарлық бөлігін оқып шығуы тиіс. Сот сонымен қатар Навальныйды Прохоровқа шағымда талап еткендей бір рубль төлеуге міндеттеді.

Судья Прохоровтың шағымын қарауда Александр Хлопонинді куәгер ретінде шақырудан бас тартты.

Сотқа Навальный басқаратын Сыбайлас жемқорлықпен күрес қорының адвокаттары қатысты. Навальныйдың өзі сотқа қатыспады.

26 сәуірде Навальный Сыбайлас жемқорлықпен күрес қорының зерттеуін жариялап, Прохоровты Хлопонинге пара берді деп айыптаған. Материалда миллиардердің шенеуніктен Италиядағы вилланы "өз құнынан үш есе жоғары бағаға сатып алғаны" айтылған. Навальныйдың мәліметінше, жер телімі үйімен бірге 35 миллион еуроға сатылған. Қор қызметкерлері бұл жақтағы ең қымбат үй 10 миллион еуродан аспайтынын анықтаған.

Оппозиционер жылжымайтын мүлікті сатып алу келісімін "астыртын пара беру" деп атаған. Прохоров иелік ететін "ОНЭКСИМ" тобының өкілі Навальныйдың айыптауын жалған деп атап, келісімнің ашық өткенін мәлімдеген. Прохоровтың өзі Навальныйды сотқа беріп, одан қор зерттеуінде айтылған деректерді терістеуді және өшіруді талап еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG