Accessibility links

БАҚ: Трамп пен Путин Хельсинкиде кездесуі мүмкін


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин Хельсинкиде кездесуі мүмкін деп хабарлады АҚШ президенті әкімшілігіндегі дереккөздеріне сілтеме жасаған Reuters агенттігі.

Бұған дейін екі ел басшыларының 15 шілдеде Венада кездесуі мүмкін екені хабарланған еді.

Әзірге кездесудің мерзімі мен қай жерде өтетіні ресми түрде расталған жоқ.

27 маусымда Мәскеуге АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтон барады. Ол екі ел президенттерінің кездесуі мүмкіндігін талқылайды.

Politico басылымы Хельсинкидің Ресейден қашық емес екенін және Путиннің Мәскеуге 15 шілдеде өтетін футболдан әлем біріншілігінің ақтық ойынын тамашалауға қайтып бара алатынын айтады.

Дональд Трамп пен Владимир Путин халықаралық саммиттер арасында екі рет кездесіп, кемінде сегіз рет телефонмен сөйлескен. Бірақ Ресей Қырымды аннексиялап алған 2014 жылдан бері екі ел президенттері жеке кездеспеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG