Ұлыбритания патшайымы Елизавета II парламент қабылдаған Еуропа Одағынан (ЕО) шығу туралы заң жобасына келісімін берді. Бұл туралы Ұлыбритания парламенті Өкілдер палатасының спикері Джон Беркоу хабарлады. Brexit-ті қолдайтын депутаттар бұл хабарды қуана қабылдады.
Патшайымның келісім беруі парламент бірнеше ай талқылаған құжаттың күшіне енгенін білдіреді. Бірақ Brexit туралы құжатта Ұлыбританияның ЕО-дан шығуының нақты шарттары көрсетілмеген. Brexit шарттары Лондон мен Брюссеь арасындағы келіссөзде талқыланады.
Заңда Ұлыбритания ЕО-дан шыққан соң 1972 жылы қабылданған ЕО-ға қосылу туралы заңның күші жойылатыны, ал ЕО заңдарының британдық заңдардан үстемдігі тоқтатылатыны айтылған.
Brexit-ке қарсылар ЕО-дан шығу мәселесі бойынша екінші рет референдум өткізбей қоймайтынын мәлімдеді. Лондонда бірер күн бұрын Brexit мәселесі бойынша қайтадан референдум өткізуді талап еткен жаппай демонстрация өткен.
ПІКІРЛЕР