Accessibility links

Ерімбетовтің сотына журналистерді кіргізбеді


Ескендір Ерімбетов сот залында. Алматы, 14 маусым 2018 жыл.
Ескендір Ерімбетов сот залында. Алматы, 14 маусым 2018 жыл.

Алматының Медеу аудандық сотында қамаудағы бизнесмен Ескендір Ерімбетовтің ісін қарау одан ары жалғасты. Сот басталарда прокурор Еркін Баймағамбетов телефон арқылы тікелей трансляция жасауға қарсылық білдіріп, сот залында отырғандардан телефондарын жинап алуды сұрады. Судья журналистер кедергі келтіреді деп кіргізбеді жəне сот залынан телефон арқылы тікелей хабар таратуға да тыйым салды.

Сотта Тәкен Шәкіров істің баяу жүріп жатқанын, əлі айыптау актісін оқи алмағанын айтты. Ерімбетовтің адвокаттары тергеу ісінде кемшіліктер барын айтып, келіспейтіндерін білдірді.

Ерімбетовтің адвокаты Жанар Балғабаева бұған наразылық білдіріп, көрші бақылау бөлмесінде отырған журналистерді залға кіргізуді талап етті. Бұл талаппен жәбірленуші тараптың адвокаты келіспеді.

Сот процесіне Ерімбетовтің туыстары, ондаған қолдаушылары келді. Олардың көбін полиция сот залына жібермеді. Адвокат Жанар Балғабаева бұл кедергіні түсінбейтінін айтты.

Бұдан соң прокурор айыптау актісін оқи бастады.

Оқи отырыңыз: Ерімбетовтің соты азаптау жайлы мәлімдемеден басталды

Қазақстан билігі Ескендір Ерімбетовті "БТА банкінен" жымқырылған қаржыны "жылыстатуға қатысы бар" деп айыптайды. Ерімбетовтің туыстары оған қарсы істі "қолдан жасалған және ол азапталып жатыр" деп мәлімдейді.

Туыстары Ерімбетовті кезінде "БТА Банктің" бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің заңгері болған қарындасы Бота Жәрдемәліні елге қайтару үшін қуғындап отыр деп біледі. Мұхтар Әблязов өзін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси қарсыласымын деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG