Accessibility links

Жээнбеков: Қырғызстанға парламенттік басқару формасы сай келеді


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламентте сөйлеп тұр. Бішкек, 27 мусым 2018 жыл.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламентте сөйлеп тұр. Бішкек, 27 мусым 2018 жыл.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 27 маусымда парламент отырысында үндеу жолдап, "қырғыздардың болмысына парламенттік демократия сай келетінін" айтты.

"Мен Қырғызстанда парламенттік демократия орнатуды көздеймін және елде авторитаризмді орнату мүмкіндіктері жойылуы тиіс деп санаймын" деді Жээнбеков. Ол парламенттік жүйе "елдің тұрақты дамуының және қоғамда тұрақтылық орнатудың негізі болатынын" айтты.

Жээнбековтің сөзінше, Қырғызстанда "сайлауда дауысты сатып алу тәжірибесін" түбірімен жою керек. "Ал сайлау процесіне қатысты барлық заң нормалары сайлау өткізгенге дейін анықталып, қабылдануы тиіс, одан кейін өзгертуге болмайды" деді Қырғызстан басшысы.


Жээнбеков 2017 жылы қарашада президент қызметіне кіріскен. Ол содан бері күш құрылымдарының басшылығын ауыстырып, өзіне дейінгі президент Алмазбек Атамбаев қойған адамдар басым үкіметті отставкаға жіберді. Сайлауалды кампаниясында Жээнбековті көпшілігі Атамбаевтың серігі деп қабылдаған, Атамбаевтың өзі де оған қолдау білдірген. Бірақ таяуда серіктерінің ұсталуына мәлімдеме жасаған Атамбаев экс-премьер Сапар Исаков пен басқа да бұрынғы шенеуніктерді қуғындаудың саяси астары барын айтып, қазіргі билікті сынаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG