Accessibility links

Трамп Путинмен Хельсинкиде кездесуі мүмкін екенін мәлімдеді


Дональд Трамп, АҚШ президенті. Вашингтон, 27 маусым 2018 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу Хельсинкиде НАТО саммитінен кейін, 11-12 шілдеде өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Трамп егер Путинмен жүздесетін болса, Сириядағы соғыс, Украинаның шығыс аймағындағы жанжал мәселелері төңірегінде сөйлесетінін айтты.

Осыған дейін бірнеше ақпарат құралы Ресей және АҚШ басшыларының саммиті Финляндия астанасында өтуі мүмкін деп хабарлаған. Өзге БАҚ Венада кездеседі деген. Бірақ не Вашингтон, не Мәскеу бұл ақпараттарды растамаған. Екі ел президентінің нақты кездесетін орны 28 маусымда жарияланады.

Дональд Трамп пен Владимир Путин халықаралық саммиттер аясында екі рет кездескен және телефон арқылы кемінде сегіз рет сөйлескен. АҚШ және Ресей президенттері 2014 жылы Қырым аннексияланғаннан кейін арнайы кездескен емес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG