Accessibility links

АҚШ Жоғарғы соты судьясы Энтони Кеннеди отставкаға кетпек


Энтони Кеннеди, АҚШ Жоғарғы сотының судьясы.
Энтони Кеннеди, АҚШ Жоғарғы сотының судьясы.

АҚШ Жоғарғы сотының мүшесі консерватор Энтони Кеннеди отставкаға кететінін жариялады. Отыз жыл жоғарғы сот мүшесі болған Кеннеди қызметінен 30 шілдеде кетеді.

БАҚ 82 жастағы судья отставкаға кетсе, президент Дональд Трамп оның орнына оңшыл көзқарастағы адамды тағайындап, сотты бұрынғыдан да консервативті орган қыла алмақ.

Энтони Кеннеди АҚШ жоғарғы соты құрамына 1998 жылы президент Рональд Рейганның ұсынысымен енген. Кеннеди консерватор екеніне қарамастан, талай рет либералдық шешім қабылдаған. Оның қатысуымен жоғарғы сот бір жынысты некені заңдастыруға, әйелдердің аборт жасату құқығына және сайлаушылар құқығына қатысты үкімдер шығарған.

АҚШ жоғарғы сотында тоғыз судья бар. Олардың бесеуін республикашыл президенттер, төртеуін демократ президенттер тағайындаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG