Accessibility links

Түркия: АҚШ-тың Ираннан мұнай импорттамау талабын орындамаймыз


Нихат Зейбекчи, Түркия экономика министрі.
Нихат Зейбекчи, Түркия экономика министрі.

Түркия АҚШ-тың өзге елдерді Ираннан мұнай импорттауды тоқтату туралы ескертуіне құлақ аспайтынын мәлімдеді.

"Біз бұл мәселеде БҰҰ санкциясын ғана басшылыққа аламыз, басқа жағдайда өз мүддемізге сай қимылдаймыз" деді Түркия экономика министрі Нихат Зейбекчи 27 маусым күні.

Вашингтон 26 маусымда одақтастарын қарашаның 4-іне дейін Ираннан мұнай импорттауды тоқтатуы тиіс екенін, болмаса АҚШ-тың Иранға салатын санкциясы бойынша жауапқа тартылатынын ескерткен.

Ресейден С-400 зенит-зымыран кешенін сатып алу жоспарына байланысты АҚШ-тан санкция салынуы мүмкін екені туралы ескерту алған Түркия көршілес Иранға қолдау білдіреді.

"Біз дос әрі бауырмал Иранға әділетсіздік жасалмайтынына көңіл бөлеміз" деді Зейбекчи.


Бұған дейін АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли Иран мұнайын ең көп импорттаушылардың бірі - Үндістанды АҚШ санкциясын бұзбауға шақырған.

Түркия сияқты Үндістан да жекелеген елдер енгізген емес, БҰҰ салған санкция талаптарын орындайтынын мәлімдеген.

1Үндістан мен АҚШ-тың берік қарым-қатынас орнатып жаnқанына байланысты біз олар Иран мұнайына тәуелділікті азайтады деп үміттенеміз" деді Хейли 27 маусымда Нью-Делиде Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездесуінен соң. Бірақ Моди бұған қатысты комментарий бермеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG