Accessibility links

Алматы прокуроры "Ермегияевті қорғаштағаны" үшін қызметінен босаған


Ғабит Миразов, Алматының бұрынғы прокуроры.
Ғабит Миразов, Алматының бұрынғы прокуроры.

Алматының экс-прокуроры Ғабит Миразов "сотталушы Талғат Ермегияевпен заңсыз байланыс орнатқан" және оны қорғаштаған деп мәлімдеді 28 маусымда Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов.

"Сотталған "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияевті қорғаштау фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет уәкілетті органдарға ұсыныс жолдады. Бас прокуратура ұсынысты қарап, Алматы прокуроры Ғабит Миразовты қызметінен босатты. Ол мемлекеттік билік пен прокуратура органының беделіне нұқсан келтіріп, сотталушы Талғат Ермегияевпен заңсыз байланыс орнатқан және оның жазасын өтеу тәртібін бұзғанын біле отырып, прокурорлық шара қолданбаған" деді Бектенов баспасөз конференциясында.

31 мамырда Ғабит Миразов "тәртіптік теріс әрекет жасағаны" үшін Алматы қаласының прокуроры қызметінен босатылған. Бас прокуратура қызметтік тексеруге сілтеп, қандай да бір түсінік беруден тартынған.

Кейін Ғабит Миразовтың Bank RBK директорлар кеңесінің шешімімен 29 мамырда банктің басқарма төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі болып сайланғаны белгілі болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG