Accessibility links

БАҚ: Манафорт Дерипаскадан ақша алған


Пол Манафорт, АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы.
Пол Манафорт, АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы.

Reuters агенттігі бірер күн бұрын жарияланған сот материалдары АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы Пол Манафорт ресейлік миллиардер Олег Дерипаскадан 10 миллион доллар несие алғанын дәлелдейтінін хабарлады.

Манафорттың ресейлік ықпалды бизнесменмен байланысы туралы мәлімет Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал килігуі ісі бойынша жарияланған өзге мәліметтердің қай-қайсысынан да маңызды. Істі тергеумен АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллер айналысып жатыр.

Reuters сот құжаттарында Манафорт пен оның әйелі қадағалайтын компанияның салық декларациясында Дерипаскадан несие алғанына дәлелі барын көрсететінін хабарлайды. АҚШ Ресей президенті Владимир Путинмен байланысы бар ресейлік металлургия магнаты Олег Дерипаскаға биыл санкция салған.

АҚШ Федералдық тергеу бюросының қызметкерлері 2017 жылы шілдедесот ордерімен Манафорттың үйін тінтіген. Тінту кезінде Мюллер Манафорт пен Дерипаска арасында қаржылық байланыс болғанына дәлел жинағаны айтылады. Reuters мәліметінше, сот құжаттары Дерипасканың бұған дейін де Манафортты Украинаның ресейшіл президенті, 2014 жылы жаппай толқу кезінде биліктен кеткен Виктор Януковичке консалтингтік қызмет көрсетуде қолдағанын айғақтайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG