Accessibility links

Меркель: Миграциялық саясатты күшейту керек


Ангела Меркель, Германия канцлері.
Ангела Меркель, Германия канцлері.

Брюссельде 28 маусымда Еуропа Одағының (ЕО) самииті ашылады. Саммитте миграция мәселесі талқыланатын басты тақырып болмақ.

Германия канцлері Ангела Меркель саммит қарсаңында парламентте сөйлеп, Еуропа елдері миграция мәселесі бойынша ортақ саясат жасау керегін мәлімдеді. Меркельдің айтуынша, ЕО-ның барлық елі заңсыз миграцияны азайтуға ынталы.

Ангела Меркель егер одақтың 28 елі ортақ шешім таба алмаса, онда ортақ саясатқа келісетін елдер арасында жекелеген келісім жасасу керегін айтады.

Бундестагқа арнаған үндеуінде Меркель 2015 жылы Германияның бір миллионға дейін босқын қабылдауы шешімін көрші елдерге көмек көрсету қадамы деп қорғаштады. Бірақ Меркель қазір иммиграцияға бұрынғыдан қатаң бақылау қоятын уақыт туғанын айтты.

"Еуропа көптеген проблемаға тап болып отыр, бірақ миграция ЕО үшін ең басты проблемалардың бірі болмақ", - деген канцлер бұл мәселе бойынша келіспеушіліктен одақтың күйреуіне жол беруге болмайтынын айтты.

ЕО-ның сыртқы шекарасын қорғау ғана емес, ЕО-ның өз ішіндегі миграциялық ағынды реттеу өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе Италияның миграциялық саясатын реформалау керек. Бұл ел соңғы уақытта Африка елдерінен теңіз арқылы келген босқындарды елге кіргізбей отыр. Орталық Еуропа елдерінің көбі ЕО аясында босқындарды қайта бөлу саясатына үзілді-кесілді қарсы.

ЕО елдері арасында келісімнің жоқтығы Германияның өзінде Меркельдің билігін әлсіретуі мүмкін. Бұл елде миграциялық мәселеге байланысты үкіметте дағдарыс туындау қаупі бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG