Accessibility links

Трамп пен Путин Хельсинкиде кездеседі


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Владимир Путин Вьетнамдағы APEC саммитінде. 11 қараша 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Владимир Путин Вьетнамдағы APEC саммитінде. 11 қараша 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин 16 шілдеде Финляндия астанасы Хельсинкте кездеседі. Бұл туралы 28 маусымда Ақ үй мен Кремль хабарлады.

Кремльдің мәлімдеуінше, кездесу барысында АҚШ пен Ресейдің қазіргі қарым-қатынасы, алдағы жоспарлар, халықаралық проблемалар талқыланады.

Трамп пен Путин саммитінің өтетіні туралы алғаш рет 26 маусымда АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісі Джон Болтонның Ресейге сапары кезінде айтылған.

Оқи отырыңыз: АҚШ Ресеймен достаспақ па?

Трамп бұған дейін "Ресеймен жақсы қарым-қатынас орнатып, жаһандық мәселелерді бірге шешуді қалайтынын" айтқан. Ал кей сарапшылар "бұл саммит - Вашингтонның кей одақтастарын алаңдатуы мүмкін" деп санайды.

Кездесу 11-12 шілдедегі НАТО саммитінен кейін өтеді. Осы күндері Трамп Ұлыбританияға сапармен барады. Ал Ресей президенті Путин Мәскеуде өтетін әлем чемпионатының финалын тамашалайды.

Оқи отырыңыз: Ресей элитасы АҚШ санкциясынан қауіптенеді

Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан кейін Вашингтон мен Мәскеудің арасы күрт нашарлаған. АҚШ және батыстың бірқатар елі Ресейдің ондаған азаматына санкция салған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG