Accessibility links

Италия ЕО саммитінің қорытынды құжатын қабылдатпады


ЕО елдерінің Брюссельдегі саммиті. 28 маусым 2018 жыл.
ЕО елдерінің Брюссельдегі саммиті. 28 маусым 2018 жыл.

Италия Еуропа Одағы (ЕО) саммитінің қорытынды құжатының қабылдануына кедергі келтірді. Брюссельде өтіп жатқан кездесуден соң Еуропа кеңесінің президенті Дональд Туск ЕО елдерінің құжатқа кейбір елдердің ұстанымына байланысты келісе алмағанын хабарлады.

Дональд Туск пен Еуропа комиссиясының төрағасы Жан-Клод Юнкер бірлескен баспасөз мәслихатын өткізбейтін болды.

Дипломатиялық арналардағы дереккөздердің мәліметінше, қорытынды құжаттың қабылдануына Италия кедергі келтірген. Италия үкіметіндегі дереккөз осы ел премьер-министрі Джузеппе Конте ЕО миграция бойынша ортақ ұстанымға келмей, қорытынды құжатқа келісім бергісі келмейтінін айтты. Бұл мәселе кейінірек талқылануы тиіс болған.

Саммиттің қорытынды құжатында негізінен АҚШ-пен сауда, қауіпсіздік, қорғаныс және экономика мәслелері қамтылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG