Accessibility links

Сатурн серіктерінің бірінен күрделі органика табылды


Энцелада, Сатург серіктерінің бірі (Көрнекі сурет).

Ғалымдар Сатурн серіктерінің бірі - Энцеладтан күрделі органика тапты. "Кассини" ғарыш станциясынан алынған мәліметтер Энцелада гейзерінің шлейфінде кез-келген тірі организмде болатын ірі органикалық молекула барын көрсетеді. Ғалымдардың зерттеуі Nature журналында жарияланды.

2011 жылы NASA ғалымдары Энцеладты Күн жүйесінде Жерден кейінгі тіршілік етуге болатын ғаламшар деп атаған. Соңғы анықталған мәлімет бұған дәлел бола алады, бірақ ғалымдар нақты тұжырым жасай алмай отыр. Сатурн спутнигіне оны тереңірек зерттейтін жаңа аппарат жіберілуі мүмкін.

"Кассини" ғаламшараралық станциясы Сатурн мен оның серіктерін 12 жыл зерттеді. Өткен жылы миссия аяқталып, аппарат ғаламшар атмосферасында жанып кеткен. Бірақ ғарыш аппаратынан алынған мәліметтер әлі өңделіп жатыр.

Энцеладаға деген қызығушылық 2004 жылдан соң, зерттеушілер одан 250 километрге жететін су гейзерін тапқан кезде пайда болған. Ғалымдар ғаламшардағы қалың мұздықтың ар жағында мұхит болуы мүмкін және онда микроорганизмдер тіршілік етуі ықтимал деген тұжырым жасаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG