Accessibility links

Парламент депутаттары демалысқа шықты


Парламент депутаттары біріккен сессия аяқталып, тарқап бара жатқан сәт. Астана, 29 маусым 2018 жыл
Парламент депутаттары біріккен сессия аяқталып, тарқап бара жатқан сәт. Астана, 29 маусым 2018 жыл

Қазақстан парламентінің депутаттары кезекті сессиясын қорытындылап, демалысқа шықты деп хабарлайды Азаттық тілшісі. 29 маусымда парламенттің қос палатасы - мәжіліс пен сенат бірлескен отырысын өткізді.

Біріккен отырыста мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин алтыншы шақырылымдағы парламент үшінші сессиясында үкіметпен тығыз жұмыс істескенін, алайда үкімет дайындаған заң жобаларына көңілі толмайтынын айтты. "Парламенттің қос палатасы үкіметпен барлық салада және бағытта тығыз жұмыс істесті. Осының арқасында біраз нәтиже шықты. Бірақ әлі де кемшіліктер бар. Ең алдымен, үкіметтен түсетін заң жобаларының сапасы төмен. Тиісті мемлекеттік органдар заң жобалары парламентте қаралып жатқан кезде көп өзгеріс енгізеді" деді Нығматулин.

Мәжіліс төрағасының сөзінше, бұл кемшіліктер заң жобаларының сапасына кері әсер етеді.

Нығматулиннің айтуынша, парламент үшінші сессияда 129 заң жобасын қарап, олардың 84-ін мақұлдады. 65 заң жобасына президент қол қойып, күшіне енді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG