Accessibility links

Ресейде "Платон" жүйесі тарифін көтеру жоспары кейінге шегерілді


Жүргізушілер көліктеріне "Платон" жүйесі бойынша төлем жасауға қарсылық акциясында көліктеріне плакат жапсырып қойды. Иркутск, 31 наурыз 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Жүргізушілер көліктеріне "Платон" жүйесі бойынша төлем жасауға қарсылық акциясында көліктеріне плакат жапсырып қойды. Иркутск, 31 наурыз 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Ресейде жүк көліктеріне федералдық жолдарда жүргені үшін "Платон" жүйесі бойынша енгізілген тариф көлемін көбейту жоспары бір жыл кейінге шегерілді. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы қаулыға премьер-министр Дмитрий Медведев 28 маусымда қол қойған.

Қазір жүк көліктерінің жүргізушілері бұл жолдарда жүргені үшін әр километріне 1 рубль 90 тиын төлейді. Үкімет төлемді 3 рубльге дейін көтергісі келеді. Кәсіпкерлер мен алыс қашыққа жүк тасымалдайтын жүргізушілер бұған қарсы. Олар тарифті көтеру азық-түлік бағасын қымбаттатып жібереді деп біледі.

"Платон" төлем алу жүйесі 2015 жылы 15 қарашада іске қосылған. Ол бойынша, салмағы 12 тоннадан асатын жүк көліктерінен жолға келтіретін зардабын азайту үшін төлем алына бастаған. Бұған Ресейдің ондаған қаласында жүк көліктері жүргізушілерінің қарсылық акциялары басталған. Жүргізушілер сонымен қатар қаржыны жинаумен президент Владимир Путиннің жақын досы Аркадий Ротенбергтің ұлының жекеменшік компаниясы айналысатынына да наразы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG