Accessibility links

АҚШ Конгрессі "Ресейдің килігуін" тергеу құжаттарын талап етті


АҚШ Федералдық тергеу бюросының директоры Кристофер Рей (сол жақта) мен бас прокурордың орынбасары Род Розенстайн конгресстегі тыңдауда отыр. Вашингтон, 28 маусым 2018 жыл.

АҚШ Конгрессінің өкілдер палатасы Әділет министрлігінен 6 шілдеге дейін Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал килігуін және президент Дональд Трамптың сайлауалды штабының Ресеймен ықтимал байланысын тергеу құжаттарын тапсыруды талап етті.

Конгрессте құжатты талап ету жайын дауысқа салу бас прокурордың орынбасары Род Розенстайн мен Федералдық тергеу бюросының директоры Кристофер Рей қатысқан тыңдаудан соң өткізілді. Құжаттың тапсырылуын республикашылдар қолдап, демократтар қарсы дауыс берді.

Республикашылдар әділет министрлігін 2016 жылы Трамптың сайлауалды штабын аңду іздерін жасырмақ болды деп айыптайды. Трамп бұған дейін аңду өзіне дейінгі президент Барак Обаманың тапсырмасымен жасалғанын бірнеше рет мәлімдеген.

Егер құжат кесімді мерзімде тапсырылмаса, республикашылдар конгрессте Розенстайнға импичмент жариялау процедурасын бастамақ.

Демократтар республикашылдар әділет министрлігін сынға алып және оның жұмысына килігіп, арнайы прокурор Роберт Мюллер жүргізіп жатқан Ресейдің сайлауға килігу ықтималдығын тергеу ісіне кедергі келтірмек деп біледі.

Ал республикашылдар "Ресейдің килігуі" ісін жеделдетіп аяқтауға шақырады. "Егер президентке қарсы қандай да бір материалдарыңыз болса, сотқа беріңіздер" деді конгрессмендердің бірі. Ол тергеуде Трамп штабының Ресеймен астыртын сөз байласқанын анықтай алмағанын айтты.

Әділет министрлігінің өкілдері конгресске құжаттардың бір бөлігін ендігі беріп қойғанын, бірақ Федералдық тергеу бюросы агенттерінің құпия ақпараттарын жариялауға дайын емесін мәлімдейді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG