Accessibility links

БАҚ: Трамп Макронға ЕО-дан шығуды ұсынған


Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуде. Вашингтон, 24 сәуір 2018 жыл.
Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуде. Вашингтон, 24 сәуір 2018 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Франция президенті Эммануэль Макронға Еуропа Одағынан (ЕО) шығу жөнінде сауда келісімін ұсынған деп хабарлады америкалық БАҚ.

Washington Post газетінің хабарлауынша, 24 сәуірде Трамп Ақ үйде Макронмен кездесуінде одан Францияны ЕО-дан шығаруды сұрап, есесіне Парижге ЕО-дан анағұрлым тиімді жағдайда сауда-саттық келісімін ұсынған. Бұл ақпаратты CNN дереккөздері де растайды.

Ақ үй бұл ақпаратқа комментарий беруден бас тартқан. Бірақ Трмптың ұсынысын терістемеген.

Франция президенті бұған дейін Еуропа елдерінің біріккені маңызды екенін және ЕО-да реформа жүргізу керегін бірнеше рет мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG