Accessibility links

БАҚ: Ресейдегі украиналық тұтқынды психиатриялық ауруханаға жатқызған


Украина азаматы Станислав Клыхтың сот кезіндегі суреті. Грозный, 18 мамыр 2016 жыл.
Украина азаматы Станислав Клыхтың сот кезіндегі суреті. Грозный, 18 мамыр 2016 жыл.

Ресейде Шешенстандағы соғыс кезінде федералдық күштерге қарсы соғысқан деген айыппен 20 жылға сотталған Украина азаматы Станислав Клыхты жазасын өтеп жатқан колониядан психиатриялық ауруханаға ауыстырған. Бұл туралы украиналық "Прямий" телеарнасы хабарлады.

Анасы Тамара Клыхтың айтуынша, соңғы рет кездескенде адвокаты тұтқын Клыхтың денсаулығы нашарлағанын байқаған. Маусымның 28-і күні Тамара Клых ұлымен телефонмен хабарласуы тиіс болған, бірақ сөйлесе алмаған. Колония қызметкерлері Станислав Клых ол мекемеде жоқ деп мәлімдеген.


Украина азаматы Станислав Клых 2014 жылы Ресей аумағында ұсталған. Оған 1994-1995 жылдары қыста Шешенстандағы соғысқа қатысып, ресейлік әскерилерді өлтірген деген айып таққан. 2016 жылы мамырда Ресей соты оны 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Клыхтың өзі тағылған айыптарды жоққа шығарады, ал туыстары мен достары ол Шешенстанда ешқашан болған емес дейді.

"Мемориал" құқық қорғау ұйымы Станислав Клыхты саяси тұтқын деп таныған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG