Accessibility links

Кирсан Илюмжинов FIDE басшысы сайлауынан түспейтінін айтты


FIDE президенті Кирсан Илюмжинов. Мәскеу, 30 тамыз 2017 жыл.
FIDE президенті Кирсан Илюмжинов. Мәскеу, 30 тамыз 2017 жыл.

Халықаралық шахмат ұйымының (FIDE) президенті Кирсан Илюмжинов бұған дейін ұйым басшылығына Ресей ұсынған кандидаттың пайдасына FIDE президенті сайлауынан бас тартпақ. Бұл туралы Илюмжинов "Интерфакс" агенттігіне мәлімдеген.

Маусымның 27-і күні Ресей шахмат федерациясы FIDE басшылығына кандидат етіп Ресей үкіметінің бұрынғы вице-премьері Аркадий Дворковичтің кандидатурасын ұсынған.


Кирсан Илюмжинов FIDE басшылығына 1995 жылы сайланған. Соңғы жыл ішінде ұйым жетекшілігі АҚШ Әділет министрлігінің "қара тізіміне" еніп, FIDE есеп-шоттарының бұғатталуына себеп болған Илюмжиновті бұл қызметтен кетіруге бірнеше рет талпынып көрді. Бұған дейін Кирсан Илюмжиновтің өзі биыл қазанның басында Грузияда өтетін FIDE президенті сайлауына түсетіні туралы бірнеше рет мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG