Accessibility links

Falcon 9 соңғы ғарыш сапарына аттанды


SpaceX компаниясы жасаған Falcon 9 зымыранының ғарышқа ұшқан сәтін бақылап тұрған адам. Канаверал мүйісі, Флорида, АҚШ, 29 маусым 2018 жыл.
SpaceX компаниясы жасаған Falcon 9 зымыранының ғарышқа ұшқан сәтін бақылап тұрған адам. Канаверал мүйісі, Флорида, АҚШ, 29 маусым 2018 жыл.

Америкалық SpaceX компаниясы халықаралық ғарыш станциясына кезекті жүк жеткізетін зымыран тасығышын ұшырды. Ғарыш станциясына шілденің 2-і күні жеткізілуі тиіс.

Falcon 9 зымыраны бұл жолы ғарыш станциясына алып ұшқан жүктің арасында жасанды санаға ие робот, "ғарышкер-тышқандар", станцияда жұмыс істеп жатқан экипаж мүшелеріне арналған супер-кофе бар деп хабарланды. Аталған жүк көп мәрте пайдаланылатын, ең алғаш рет 2016 жылы ғарышқа ұшырылған Dragon капсуласына салынған.


Бұған дейін сәуір айында SpaceX компаниясы АҚШ ғарыш агенттігінің (NASA) планеталарды іздеуге арналған NASA Tess спутнигін орбитаға шығарған. Бұл Falcon 9 зымыранының ғарышқа соңғы сапары. Алдағы уақытта SpaceX жаңа үлгідегі зымырандар ұшыруды жоспарлап отыр.

SpaceX компаниясы мен NASA арасында құны 1,6 миллиард доллардың келісімі жасалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG