Accessibility links

ЕО елдері Германияның босқындарды қайтару жайлы ұсынысымен келісті


Берлиндегі босқындар мен мигранттар істері жөніндегі федералдық басқарма алдында тұрған адамдар. (Көрнекі сурет.)
Берлиндегі босқындар мен мигранттар істері жөніндегі федералдық басқарма алдында тұрған адамдар. (Көрнекі сурет.)

Германия канцлері Ангела Меркельдің ел аумағына кіруге тырысқан мигранттарды қайтару рәсімін жеделдету туралы ұсынысына Еуропа Одағының 14 елі келіскен. Бұл туралы Меркельдің коалиция бойынша серіктеріне арнаған үндеуіне сілтеме жасап dpa агенттігі хабарлады.

"Еуропа Одағының өзге елдерінде тіркеліп, Германияға баспана іздеп келіп жатқан адамдар тіркеуге алыну үшін одан гөрі ірі миграциялық орталықтарға жеткізілуі тиіс», - делінген хабарламада.


Deutsche Welle ақпараты бойынша, Меркельдің ұсынысына бұған дейін Германия канцлерінің миграциялық саясатына сыни көзқараста болған Венгрия, Польша және Чехия қолдау білдірген.

Осыған дейін Германия Испания және Грекиямен көші-қон саясаты саласындағы әріптестік туралы келісім жасасқан. Мысалы, бұл елдер Германия билігі Еуропа Одағынан баспана беруді сұраған босқындарды олардың деректері жалпы базаға енгізіліп қойғанын анықтағаннан кейін қайтарған жағдайда кері қабылдауға келісім берген болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG