Accessibility links

БАҚ: Пентагон Германиядан әскерді шығаруды талдап жатыр


Бруктегі база маңындағы америкалық әскери көліктер. Германия, 11 қаңтар 2017 жыл

АҚШ қорғаныс министрлігі Германиядағы әскери базалардан америкалық әскерді шығару құны қаншаға түсетіні және оның салдары қалай болаты жайлы талдау жүргізіп жатыр деп хабарлады Washington Post басылымы өз дерек көздеріне сілтеме жасап.

Америкалық басылым сұхбаттасқан адамдардың сөзінше, әзірше Пентагон әскерилерді шығарудың нақты варианттарын қарастырған жоқ, тек ақпаратты талдап жатыр. АҚШ қорғаныс министрлігі өкілдері Washington Post басылымына мұндай тексерулер тұрақты өткізіліп тұрады. Кей дерек көздерінің болжамынша, бұл талдау шілде айында Брюссельде өтетін НАТО ұйымының саммиті қарсаңында арнайы ұйымдастырылған болуы мүмкін.


Германияда 35 мың америкалық әскери орналасқан. Washington Post басылымының жазуынша, осы жылдың басында АҚШ президенті Дональд Трамп әскери контингентті шығару мүмкіндігіне назар аударған.

Жұма күні президенттік ұшақта журналистер сұрағына берген жауабында Трамп еуропалық елдер, мәселен Германия НАТО қызметіне аз инвестиция салады деп айтқан. Ол мұндай жағдай АҚШ-қа қатысты "әділетсіз" болады деген пікір білдірген.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG