Accessibility links

АҚШ барлау қызметтері Пхеньянның "ядролық бағдарламасынан" күдіктенеді


АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын. Сингапур, 12 маусым 2018 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын. Сингапур, 12 маусым 2018 жыл.

Американың барлау қызметтері Солтүстік Корея соңғы айларда құпия нысандарында ядролық қаруға қажетті шикізат өндіруді ұлғайтқан деп санайды. Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігімен ядролық қару жайлы келіссөздер барысында өзіне ұтымды пайдалану жоспарымен бұл нысандарды жасыруға тырысуы мүмкін деп хабарлайды америкалық NBC News медиакомпаниясы ресми дерекөздерден алған ақпаратқа сілтеме жасап.

АҚШ барлау қызметтерінің бұған дейін жария етпеген қорытындылары президент Дональд Трамптың ойымен үйлеспейтін сыңайлы. Маусымның 12-і күні Сингапурде Ким Чен Ынмен тарихи кездесуінен кейін Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі парағына «Солтүстік Кореядан енді ядролық қауіп-қатер төнбейді» деп жазған болатын.


АҚШ орталық барлау басқармасы мен өзге де арнайы қызметтер талдаушылары жағдайды басқаша бағалайды. Оны арнайы қызметтердің қорытындысымен таныс оншақты ресми тұлғаның (аты-жөнін атамауды қалаған) NBC News журналистерімен әңгімесінен аңғаруға болады. Солтүстік Корея режимі Трамп әкімшілігімен келіссөздерде ядролық қару туралы мәселелерді талқылауды желеу етіп өзіне қажетті нәтижеге қол жеткізгісі келеді деп санайды АҚШ барлау қызметі.

NBC News телеарнасы таратқан бұл ақпаратқа қатысты Ақ үй әзірше комментарий берген жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG