Accessibility links

Ресейде зейнет жасын ұлғайтуға қарсы акциялар өтті


Ростов қаласының тұрғыны Слава Шумский Қызыл алаңда Ресейде зейнет жасын ұлғайтуға қарсы "жалаңаш пикет" өткізіп тұр. Мәскеу, 1 шілде 2018 жыл.
Ростов қаласының тұрғыны Слава Шумский Қызыл алаңда Ресейде зейнет жасын ұлғайтуға қарсы "жалаңаш пикет" өткізіп тұр. Мәскеу, 1 шілде 2018 жыл.

Ресейдің футболдан әлем чемпионатының матчтары өткізілмейтін ондаған үлкен қаласында жексенбі күні азаматтардың зейнетке шығу жасын ұлғайтуды көздейтін үкімет бастамасына қарсылық акциялары өтті.

Қарсылық акцияларының көбін оппозиционер Алексей Навальныйдың аймақтардағы штабтары ұйымдастырған. Навальныйдың өзі бұл шараларға қатыспайды. Ол бұған дейін соңынан аңдып жүргендерді байқағанын және өзін тағы ұстайды деп қауіптенгендіктен демалыс күндері басқа жақта өткізуді шешкенін хабарлаған. Сонымен бірге Ресей федерациясы коммунистік партиясы, ЛДПР, "Справедливая Россия", "Яблоко" партияларының өкілдері де наразылық шерулерін өткізді.

Ресейліктер зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсылық білдірді:

Ресейліктер зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсылық білдірді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:45 0:00

Липецк, Белгород, Краснодар, Хабаровск, Мурманск, Комсомольск-на-Амуре және Ставрополь билік орындары шеру өткізетін балама алаңдар ұсынып, ол жерлерде акцияны өткізуге рұқсат берген.

Биробиджан қаласында Ленин атындағы алаңға жүздеген адам жиналып, "әлеуметтік геноцидті тоқтатуды" талап еткен. Белсенділер наразылық акциясына "Аш зейнеткер – мемлекетке масқара", "Зейнеткерлік реформа – халықтың жаны мен жүрегіне оқ ату", "Отын бағасын көтеріп тонауға жол бермейік", "Медведевтің адамжегіш зейнеткерлік реформасына жол жоқ", "Мемлекетке көмегің тисін – зейнет жасына жетпей өліп қал" деген жазулар ұстап шыққан.


Маусым айында Ресей үкіметі парламентке елде әйелдердің зейнетке шығу жасын 55 жылдан 63 жылға дейін көтеруді, ерлердікін 60-тан 65 жасқа дейін ұлғайтуды ұсынатын заң жобасын енгізген. Заң жобасының бірінші оқылымы шілденің 19-ында өтуі ықтимал.

Бірқатар социологиялық қызметтер президент Владимир Путиннің рейтингі күрт төмендеп кеткенін тіркеген. Мәселен, "Общественное мнение" қорының мәліметінше, маусымның 10-ынан 17-іне дейінгі бір аптаның ішінде Путиннің рейтингі 62 пайыздан 54 пайызға дейін түсіп кеткен. Бұл 2013 жылдан бері өткен уақыт ішіндегі ең төмен рейтинг. Кремль өкілдері президент Путин рейтингінің құбылуына мән бермейтінін айтып, "ол үшін адамдардың мүддесі бәрінен биік" деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG