Accessibility links

Ауғанстан президенті "Талибанмен" бітім аяқталғанын мәлімдеді


Ауғанстан президенті Ашраф Ғани (ортада) баспасөз мәслихатында сөйлеп тұр. 15 маусым 2018 жыл.
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани (ортада) баспасөз мәслихатында сөйлеп тұр. 15 маусым 2018 жыл.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани "Талибан" қозғалысымен арада жарияланған біржақты бітімнің аяқталғаны туралы мәлімдеп, қарулы қозғалысты бейбіт келісімдерге қатысуға шақырған. Ғани бұл туралы сенбі күні Кабулда баспасөз жиынында мәлімдеген.


Бұған дейін Ашраф Ғани Ораза айының соңында "Талибан" қозғалысымен жасалған қысқа мерзімді бітім аяқталған соң ауған әскеріне "Талибанға" оқ атпауды бұйырып, 10 күндік біржақты бітім жариялаған.

"Бітім аяқталды. Ауған қауіпсіздік және қорғаныс күштеріне әскери іс-қимылдарды жалғастыруға рұқсат берілді", - деген Ғани маусымның 30-ы күні журналистерге.

- "Талибан" қырып-жоюды жалғастырғысы келе ме, жоқ әлде бейбіт келіссөзге қосыла ма – шешім қозғалыстың өзіне байланысты, - деген ол.

Маусымның 15-інен 17-інде дейін Ауғанстан үкіметі мен "Талибан" арасында оқ атпау туралы жарияланған бітім кезінде жаңалықтар сайттары мен әлеуметтік желілерде бірнеше уәлаятта үкімет әскерилері мен "Талибан" өкілдерінің бір-бірімен құшақтасып амандасып, бірге түскен суреттері мен видеолар тараған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG