Accessibility links

АҚШ Қытайдан 11 дипломатиялық қызметкерін алып кетті


АҚШ және Қытай тулары. (Көрнекі сурет.)
АҚШ және Қытай тулары. (Көрнекі сурет.)

АҚШ-тың Қытайдағы дипломатиялық өкілдіктерінен 11 қызметкер эвакуацияланған. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап The New York Times басылымы хабарлады.

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында АҚШ бас консулдығынан сегіз адам, Шанхайдағы бас консулдықтан – бірі адам, Пекиндегі елшіліктен – екі адам эвакуацияланған.


Эвакуацияға дипломатиялық өкілдіктердегі қызметкерлердің дыбыс немесе ультрадыбыс әсерінен өздерін жайсыз сезінуі себеп болған. Бұл адамдардың денсаулық жағдайын АҚШ-та мамандар зерттемек. Әзірше себебі белгісіз мұндай жайт алғаш рет сәуір айында Гуанчжоудағы дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінде байқалған. Оған дейін дәл осындай себеппен АҚШ пен Канада Куба астанасындағы дипломатиялық өкілдіктеріндегі бірнеше қызметкерді елдеріне алып кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG